НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 002 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Ең көп індет жұқтыру жағдайы Алматы қаласында (293) тіркелді. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (152) мен Алматы облысында (90) анықталды", – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 152,
- Алматы қаласы - 293,
- Шымкент қаласы - 25,
- Ақмола облысы - 50,
- Ақтөбе облысы - 29,
- Алматы облысы - 90,
- Атырау облысы - 42,
- Шығыс Қазақстан облысы - 35,
- Жамбыл облысы - 13,
- Батыс Қазақстан облысы - 68,
- Қарағанды облысы - 74,
- Қостанай облысы - 48,
- Қызылорда облысы - 5,
- Маңғыстау облысы - 3,
- Павлодар облысы - 50,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 21,
- Түркістан облысы - 4.
Жалпы, бүгінге дейін індет жұқтырғандар саны республика бойынша 222 671 адам болса, 205 554 пациент жазылып шықты. Ал 2 837 науқас індет салдарынан көз жұмды.