Оқиға

Елорданың сол жағалауында көлік қас қағым сәтте күлге айналды – видео

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӨртенген көлік, иллюстративті фото
Өртенген көлік, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2021
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша өрт көліктегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Елорданың сол жағалауындағы автотұрақта жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті. Оқиға куәгерлері түсірген видео әлеуметтік желілерде тарады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Өрт сенбі күні, 13 наурызда таңертең болған.

"Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне сағат 07.34-те Қонаев көшесі, 14/2 мекенжайындағы тұрақта автокөліктің өртеніп жатқаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнында ВАЗ 2114 автокөлігінің өртенгені анықталды", – делінген төтенше жағдайлар жөніндегі департамент хабарламасында.

Өрт шыққан жерде жанып жатқан көлік иесі болмаған. Ал өрт 12 минут ішінде толық сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: Қара түтін қаптады: өрт сөндірушілер Нұр-Сұлтанның сол жағалауына шұғыл жетті – видео

Мамандардың айтуынша, алдын ала болжам бойынша өрт көліктің қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0