Мәдениет

Димаш Құдайбергеннің әні АҚШ-та MTV рейтингінде көш бастады

Димаш Кудайберген  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2021
Жазылу
Димаш АҚШ-тағы ең сұранысқа ие он әртістің қатарына кірді. Әнші дауыс берген жанкүйерлеріне алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің Across Endless Dimensions әніне түсірілген клипі MTV USA-дағы апта сайынғы рейтингтің көшін бастады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Әртіс Instagram-дағы парақшасында өз шығармашылығының жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

"Across Endless Dimensions әніне түсірілген менің бейнебаяным бүгін MTV USA-да бірінші орынға ие болды. Дауыс бергендеріңіз үшін көп рахмет. Сіздер маған әрдайым және кез келген жағдайда қолдау білдіріп келесіздер. Мың алғыс", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Friday Livestream MTV бағдарламасының жүргізушісі Кеван Кенни өзінің Twitter-дегі парақшасында қазақстандықты рейтингтегі жеңісімен құттықтады.

"Димашты чарттағы апталық жеңісімен және MTV-дегі ең сұранысқа ие әртістердің ондығына кіруімен құттықтаймын", - деп жазды америкалық жүргізуші.

Қазір Димаш Құдайбергеннің Youtube-тегі Across Endless Dimensions әніне түсірілген клипі 2,5 миллионға жуық қаралды.  

Жаңалықтар
0