Қоғам

Мемлекет басшысы Аравинді "Отан" орденімен марапаттады

© Photo : CC0 / Steve BuissinneФортепиано
Фортепиано - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2021
Жазылу
"Отан" ордені – елдің ең жоғары ордендерінің бірі. Ол қазақстандықтарға әртүрлі саладағы ерекше қызметі үшін беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстандық музыкатанушы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Юрий Аравин "Отан" орденімен марапатталды.

Ақорда сайтында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жарлық жарияланды.

© Photo : Официальный сайт конкурса "Жас канат"Музыкатанушы Юрий Петрович Аравин
Мемлекет басшысы Аравинді Отан орденімен марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2021
Музыкатанушы Юрий Петрович Аравин

"Ұлттық мәдениетті және музыка өнерін насихаттау мен дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін музыкатанушы Юрий Петрович Аравин "Отан" орденімен наградталсын", – делінген мемлекет басшысының жарлығында.

Юрий Аравин туралы не білеміз

Юрий Петрович Аравин 1941 жылы 2 сәуірде Ресейдің Тверь қаласында дүниеге келген. Әкесі – Аравин Петр Васильевич – кеңестік музыка тарихшысы. Қазақстан халықтарының музыка тарихы бойынша көптеген еңбектердің авторы.

1968 жылы Новосібір консерваториясының тарихи-теория факультетін, 1972 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді.

Юрий Аравин ұзақ жылдар бойы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында, сондай-ақ Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда музыка тарихы мен теориясы пәнінен сабақ берді.

Ол "Музей звуков", "Малая антология казахской музыки" сияқты теледидар бағдарламасы мен "Тотем" радиосындағы "Степное созвездие" секілді авторлық циклдың авторы.

Юрий Аравин: "Лирическая поэма памяти Абая", "К вопросу о тематизме симфонических поэм Казахстана", "Три поэмы о народных героях", "Поэма Тулебаева "Казахстан", "У истоков современного уйгурского симфонизма", "К истории песенного симфонизма", "Степные созвездия" сияқты шығармалардың да авторы.

Оқи отырыңыз: Президент "Қайраттың" аты аңызға айналған шабуылшысын марапаттады

Сондай-ақ, ол "Мелодия" серіктестігінің граммофон жазбаларына, Қазақстан композиторлар одағының буклеттеріне, опера және балет либреттоларына аннотация, эссе мен қазақ музыкасына арналған зерттеулер жазған. Музыка тарихы бойынша оқулықтар жасауға да белсенді атсалысты.

Қазақстан композиторлар одағы мен Қазақстан музыкалық қызметкерлер одағының мүшесі.

Жаңалықтар
0