Оқиға

Алматы түбіндегі ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты – ТЖМ

© Photo : скрин видеоМесто падения военного самолета
Место падения военного самолета - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2021
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша әскери ұшақтың құлауы салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы екеуі жарақат алды. Апат болған жерде өрт шықты

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшқан Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырап, төрт адам қайтыс болды, тағы екеуі Алматы облысының Іле ауданындағы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.

Ұшақ радардан жоғалып, Алматы әуежайына апатты жағдайда қонғаны туралы ақпарат 13 наурызда сағат 17:25-те түсті. Апат болған жерде өрт шықты. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.

Оқиға орнына 10 реанимациялық жедел жәрдем бригадасы келді.

Жаңалықтар
0