НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Алматы әкімдігі әскери ұшақтың құлауынан зардап шеккен әскери қызметшілердің жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға орнында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының 10 реанимациялық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді.
"Төрт адам қайтыс болып, екі адам зардап шекті. 1987 жылы туған әскери қызметкердің сол жақ саны сынған, жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. 1996 жылы туған науқас ашық бас сүйек-ми жарақатын алған, саусағы сынған, денесін 2-3 дәрежелі күйік шалған. Олар Алматыдағы 4-ші қалалық клиникалық ауруханада жатыр. Жағдайлары өте ауыр", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күшін салып жатыр. Барлық кадр, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: ҰҚК әскери ұшақ апатына қатысты түсініктеме берді
Еске сала кетейік, 13 наурызда сағат 17:22-де Ан-26 әскери ұшағы Алматы әуежайына қонған кезде апатқа ұшырады.