Оқиға

Алматы әкімі ұшақ құлаған жерге барды

© Photo : скрин видеоНа месте крушения Ан-26 под аэропортом Алматы
На месте крушения Ан-26 под аэропортом Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2021
Жазылу
Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмекті көрсетуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев АН-26 ұшағы құлаған жерге барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала әкімі Twitter-аккаунтында жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жазды.

"АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", - деп атап өтті Сағынтаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Еске сала кетейік, 13 наурызда Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайына апатты жағдайда қонды. Төрт адам қаза тауып, екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Алматы түбіндегі ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты – ТЖМ

Алматы түбінде әуе апатынан қаза болған әскери қызметкерлердің туыстарына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.

Жаңалықтар
0