Қоғам

Ұлттық банк пен әділет министрлігі Англияда Стати ісінде жеңіске жетті

© Photo : pixabay.com/AJELСуд, правосудие
Суд, правосудие - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2021
Жазылу
Қазақстанның әділет министрі ағылшын соты шығарған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдау жалғаса беретінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз — Sputnik. 2021 жылдың 11 наурызында Англияның Жоғары соты Статидің сот шығындарын өтеу жөніндегі бұйрықтың күшін жою жөніндегі өтінішін қабылдамау туралы шешім шығарды. Осы бұйрыққа сәйкес олар Қазақстан Республикасы мен Ұлттық банкке 3,7 миллион доллардан астам өтемақы төлеуі тиіс.

Статидің өтінішін Англия мен Уэльстің Жоғары сотының шығыстар жөніндегі басқармасының шығыстар бойынша судьясы Роули 2021 жылдың 15 ақпанында қарады, деп хабарланған әділет министрлігінің сайтында.

"Сот шығындарын өтеу туралы бұйрық Англияның Жоғарғы сотында қаралған іске нүкте қояды. Бұл сот процесінде Статидің Қазақстанға қарсы қабылданған төрелік шешімнің орындалуына қол жеткізу бойынша жасаған іс-әрекеттері сәтсіздікке ұшырады", - деп жазылған хабарламада.

Ағылшын сотында жеңілгеннен кейін Стати шығынды төлеуге міндетті болды, бірақ олар бұл бұйрықты орындаған жоқ.

"Сондай-ақ Стати Қазақстанмен және Ұлттық банкпен байланысқа шықпағандықтан, ҚР және Ұлттық банк өз шығынын түбегейлі бағалау процесін бастағаны туралы олардың заңгері King& Spalding-ке 2020 жылдың желтоқсанында хабарлады. Алайда Стати оған да жауап бермеді. Нәтижесінде жауапқа берілген 21 күн өткеннен кейін 2021 жылдың 6 қаңтарында шығынды өтеу туралы бұйрық шығарылды. Олар сот бұйрығының күшін жоюға талпыныс жасады, бірақ осы жолы да сәтсіздікке ұшырады", - деп хабарлады әділет министрлігі.

Әділет министрі Марат Бекетаев атап өткендей, Статидің төрелік шешімді орындауға қатысты іс-әрекеті заңсыз және этикаға жат.

"Біз ағылшын сотының шығындарды өтеу туралы шешімінің орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті іс-шараларды қабылдап, басқа юрисдикцияларда Статидің төрелік шешімді мәжбүрлеп орындау әрекеттеріне қарсы тұруды жалғастырамыз. Жетекші сарапшылар фактілерді талдап, төрелік шешім алаяқтық жолмен алынды, ал Статидің оны орындауға қатысты іс-әрекеті заңсыз және этикаға сай емес деген қорытындыға келді", - деді ол.

Стати ісі

Молдовалық бизнесмендер Анатол мен Габриэль Стати 2010 жылы Қазақстанды сотқа берді. Олар Швеция төрелік сотында Қазақстаннан 4 миллиард долларды талап етті. Бірақ оларға 500 миллион доллар өндіру туралы шешім шығарды. Бұл қаражаттың ішінде 199 миллион доллар - Статидің Боранкөл газ өңдеу зауытының құрылысына жұмсаған шығыны.

Деньги, тенге монеты стопка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2020
Экономика
Стати ісі: Швед соты Қазақстанның пайдасына шешім шығарды
Кейін АҚШ-та өткен сот процедурасы арқылы алынған құжаттар Статидің талаптары ірі алаяқтыққа негізделгеніне дәлел болды.

Сот талқылаулары бірнеше елде өтіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағандай, Люксембург округтік соты Қазақстан пайдасына шешім қабылдап, люксембургтік құқық қорғау органдары алаяқтық фактісі бойынша толық тергеу жүргізгенге дейін сот талқылауын тоқтатты.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, Люксембург сотының 2021 жылдың 8 қаңтарындағы шешімі қылмыстық іс аяқталғанға дейін Стати Қазақстанның Люксембургтегі кез келген активіне қатысты төрелік шешімді орындай алмайтынын білдіреді.

Жаңалықтар
0