НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 9 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды: 7 адам - коронавирустан, 2 адам пневмония белгілері бар ковидтен қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қазіргі уақытта 18 558 адам (114 050 КВИ+ және 4 508 КВИ-) ем қабылдап жатыр, 4 713 - стационарда. 13 845 науқас үйде емделуде.
Науқастар бойынша ақпарат:
- ауыр жағдайда – 231 пациент,
- аса ауыр хәлде – 47 пациент,
- 45 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Алматыда вирусқа шалдығудың жаңа жағдайлары күрт артып отыр. Бір тәулікте - 237 адам. Елордада жүзден астам тұрғын індет жұқтырды. Ел бойынша тәуліктік көрсеткіш - 899 адам.