Видео

Ұрғашы есек тікұшақтың көмегімен таудан түсірілді – видео

Жазылу
"Ұшатын" жануардың тағы бір видеосы интернетті шарлап кетті. Бұл жолы роликтің кейіпкері Испанияның Гвадаррама тау жотасындағы жабайы өсімдіктердің арасында қалып қойған есек болды. Ерекше құтқару операциясын видеодан көріңіз!

Естеріңізге сала кетейік, жақында Қазақстанда "ұшатын сиырдың" видеосы таралған болатын, тіпті шетелдік БАҚ-та да жарияланды.   

Ол кезде елордалық құрылысшылар жануарды мұнара кранымен биікке көтерді. Олар сиырды құрбандыққа шалған.

Бұл жолы есекті Мадрид провинциясының өрт сөндірушілері әуеге көтерді. Олар жануарды құтқаруға тырысты.

Жануардың иесі оны шығара алмаған соң құтқарушылардан көмек сұраған: есек әлсіреп, жатып қалған.

Жаңалықтар
0