Қоғам

"Мәтібұлақта" 3000-нан астам әскери қызметші ауқымды оқу-жаттығуға қатысып жатыр

© Photo : министерство обороны Республики КазахстанВоенные учения
Военные учения  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2021
Жазылу
Бөлімшелер басқару пунктерін жабдықтап, сақшылық күзет ұйымдастырды, сондай-ақ аумақта барлау жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстанның оңтүстігіндегі "Мәтібұлақ" полигонында ауқымды әскери маневрлер өтіп жатыр, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Кенеттен жүргізілген тексеріс аясында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдері "Мәтібұлақ" полигонында белгіленген аймаққа келді.

Бөлімшелер басқару пунктерін жабдықтап, сақшылық күзет ұйымдастырды, сондай-ақ аумақта барлау жүргізеді.

Әскери қызметшілерді орналастыру және тамақтандыру ұрысқа барынша жақын жағдайларда ұйымдастырылған.

Қазақстан қай елден артта қалды – әскери күш-қуаттың әлемдік рейтингі жарияланды 

Бүркемелеу талаптары мен әуеден келетін соққыдан қорғануды ескере отырып, жеке құрам мен техника үшін инженерлік позициялар дайындалды.  

Маневрге барлығы 3000-нан астам әскери қызметші мен 500 бірліктен астам қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0