Өңірлер

Ақмола облысында жалған дипломмен жұмыс істеген ұстаздар анықталды

Диплом - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Аймақтағы ауылдардың бірінде тұратын екі тұрғын жалған құжат анықталғанға дейін оқу орнында екі жыл бойы жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Ақмола облысындағы колледже екі мұғалім жоғары білімді растайтын жалған дипломмен жұмыс істеп келгені анықталды.

Оқу орнының басшысы жалған дипломдарды анықтағаннан кейін құқық қорғау органдарына шағымданған.

"Полиция қызметкерлері колледжде педагогикалық қызмет атқару үшін білім бөліміне жоғары білім туралы жалған диплом ұсынған азаматтарды анықтады. Олар облыстағы ауылдардың бірінде тұратын 48 және 49 жастағы тұрғындар", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы, 3-бөлігі (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік награданы қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша іс қозғалды.

Олар өз кінәсін мойындады.

Оқи отырыңыз: Әкімдікке үміткер жұмысқа тұрарда жалған диплом пайдаланған

Әйелдердің осы құжаттармен 2018 жылдан бері жұмыс істегені анықталды.

Жаңалықтар
0