Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда түн ортасында ұрлық жасауға шыққан достар жұртқа күлкі болды – видео  

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАвтомобильные воры, иллюстративное фото
Автомобильные воры, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2021
Жазылу
Алкогольдік ішімдік ішкен жастар алты автокөлікті ұрламақ болған, бірақ олардың ешқайсын оталдыра алмаған

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Елорда тұрғыны полицияға белгісіз біреулер көлігінде тұрған заттарды ұрлап кеткенін хабарлады.

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің мәліметінше, кейінірек қаскүнемдер алты бірдей көлікті айдап кетпек болғаны анықталды.

"Достар алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін автокөлік ұрлап әкетуге бел буған", - деді полиция қызметкерлері.

Жастар бір түнде алты автокөлікті ұрлауға әрекет жасаған, бірақ әр жолы бастаған ісін аяқтауға бірдеңе кедергі болған.  

Полицейлердің айтуынша, көліктердің бірін 23 жастағы жігіт жүргізген, бірақ оның аккумуляторы отырып қалып, ол келесі көшеге дейін ғана бара алған. Қаскүнемдер мұнымен тоқтамай, басқа көліктің аккумуляторын алып келген, сонда да машинаны оталдыра алмаған.

Содан кейін олар Ресей нөмірін таққан басқа көлікті ұрламақ болған, бірақ тағы да сәтсіздікке ұшырайды. Оны оталдыра алмайды.

Ақырында күдіктілер кілті салонда қалған Volkswagen Golf көлігін айдап кеткен. Қала орталығына жеткенде қозғалтқыш өшіп қалып, жігіттер көлікті итеруге мәжбүр болды. Олар жақын жерде тұрған Mercedes-Benz жүргізушісінен көмек сұрапты. Ұрлық жасалған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Нұр-Сұлтан полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.  

Жаңалықтар
0