Өңірлер

Қаңғыбас иттерді өртеген ақтөбелік ветеринарлардың әрекеті жұрттың ашуын туғызды

© Sputnik / Maksim Blinov / Медиабанкке өтуИт, архивтегі сурет
Ит, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Ветеринарлар қаңғыбас иттердің мекемеде 20 күнге дейін ұсталатынын айтады. Иесі табылмаса, улап өлтіріп, өлексені өртеп жібереді

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Ақтөбелік ветеринарлардың қаңғыбас иттерді өртеуі жұрттың ашуын туғызды. Ит аулаушылар ұсталған үй жануарларын пешке салып жағып жіберіп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған "ЗООмама" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Рабиға Сисенғалиева видеоны 2021 жылдың 4 наурызында түсірген. Кадр сыртында: "Не істеп жатырсыңдар? Ит атуға тыйым салған. Қараңдар, иттердің өлексесін өртеп жатыр. 4-наурыз, 2021 жыл. Паналайтын жерде, міне, иттерді қалай өлтіріп жатыр", дейді ол.

Ал видеода қаңғыбас ит пен мысықтан бөлек, асыл тұқымды төбеттердің де өлексесі жатқаны анық көрінеді. Тіпті, арасында қарғыбаулы үй жануарлары да бар.

"Бұл орталықта көшеден ауланған жануарлар қожайыны табылғанша ұсталуы тиіс. Алайда, олар мақұлықтарды өлтіріп, өртеп жатыр", – дейді белсенді.

Ал қаладағы ветеринария станциясының өкілдері ит өртейтін орталыққа шаң жуытпайды.

Айтуларынша, қаңғыбас иттерді осында 20 күнге дейін ұстайды. Иесі табылмаса, улап өлтіріп, өлексені өртеп жібереді екен.

Оқи отырыңыз: Ит өмірден озған иесін 11 жыл бойы жолда күтіп отыр – видео

"Үш иттің өлексесін көшеден әкелдік. Ал үш иттің иесі арыз жазды. Бізге күнде-күнде арыз түседі. Сол үш ит келісіммен атылды. 20 күннен аса ұстадық", – дейді арна тілшілеріне пікір білдірген Ақтөбе қаласы ветеринария станциясы директорының орынбасары Ғали Шагалин.

Жаңалықтар
0