Оқиға

Ақтөбеде үйдің кіреберісінен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды

© Photo : ДВД Северо-Казахстанской областиУлики, изъятые у подозреваемого в вооруженном налете на магазин
Улики, изъятые у подозреваемого в вооруженном налете на магазин - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2021
Жазылу
Патрульдік полиция қызметкерлері адам өлтірді деген күдікпен 32 жастағы ер адамды ұстады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз — Sputnik. Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

6 наурызда Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО-ның "102" телефонына жедел медициналық көмек операторынан көпқабатты үйдің кіреберісінен 4-қабаттағы баспалдақ алаңында пышақ жарақатын алған ер адамның табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Көрсетілген мекенжайға дереу тергеу-жедел тобы жіберіліп, онда зорлықпен өлтірілген 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Патрульдік полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адамды ұстады.

Алдын ала тергеу барысында ер адамдар ішімдік ішіп, жанжал кезінде күдікті пышақ сұққаны белгілі болды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтар
0