Қоғам

Мамин талантты жастарды елде қалай ұстап қалмақ

© Sputnik / Абзал КалиевЗакрытие года молодежи
Закрытие года молодежи - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Премьер облыс әкімдеріне 9 және 11-сынып оқушыларын алдын ала кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс жүргізуді жүктеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстанда шетелдік университеттердің филиалы ашылады. Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, бұл талантты жастардың елден кетуін азайтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Үкімет басшысы университеттердің білім беру бағдарламалары кәсіби стандарттар негізінде 100% жаңартылатынын атап өтті. Нәтижесінде түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады. 

"Дарынды жастардың елден кетуін азайту мақсатында шетел университеттерінің филиалдарын ашу жоспарланып отыр", - деді премьер-министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Назарбаев университетінің үлгісінде инновациялар мен жаңа технологияларды дамытумен айналысатын екі озық жоғары оқу орны құрылады.

Бұдан бөлек, Мамин білім министрлігіне ең мықты 20 жоғары оқу орнын іріктеп, олардың тізімін 25 наурызға дейін Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі кеңесте қарау үшін үкіметке енгізуді тапсырды. 
Сондай-ақ, жастар бірінші мамандығын тегін алуы үшін биыл колледждерде мемлекеттік тапсырыс 20 мың орынға дейін ұлғайтылады. 

Премьер облыс әкімдеріне 9 және 11-сынып оқушыларын алдын ала кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс жүргізуді жүктеді.

Білім министрі Асхат Аймағамбетов бес жыл ішінде республикада 5 жетекші шетелдік жоғары оқу орнының кампустарын ашу жоспарланып отырғанын нақтылады. 

Сонымен қатар, QS WUR рейтингіне (Әлемдік университеттер рейтингі) кіретін қазақстандық жоғары оқу орындарының саны 15-ке дейін артады.

Студенттерді жатақханалардағы орынмен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға қарай кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға беріледі.

Жаңалықтар
0