Өңірлер

Қарағандылық күзетші жігіт сүйіктісін қуантамын деп қылмыскер атанды

© pixabay.comРуки мужчины на стекле, иллюстративное фото
Руки мужчины на стекле, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 24 жастағы жігітті ұстады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қарағанды облысында ауыл азаматы сүйіктісіне сыйлық жасау үшін өзі қызмет атқаратын мекемеден 200 мың теңгеден астам ақша ұрлаған, деп хабарлады Polisia.kz.

15 ақпан күні Қарағанды облысы Шет аудандық полиция бөліміне аудандағы мекемелердің бірінен ақша ұрланды деген хабарлама түскен. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Оқи отырыңыз: Өскеменде қызды қарата алмаған жігіт ойға кіріп-шықпайтын қылмыс жасады 

Алдын ала тергеу кезінде белгісіз біреудің құлыпты сындырып, кассадан 225 мың теңге ұрлағаны белгілі болды. Ұрлық оқиғасы ақпан айының 14 ақпанға қараған түні болған.

Полиция қызметкерлері ұрлық болған күні мекемедегі бейнекамералардың өшірулі болғанын анықтады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

8 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстады, ол кінәсін мойындаған.

Тергеу барысында күдіктінің сол жерде күзетші болып істейтіні анықталды. Күдікті өзінің жұмыс кестесінің ақпан айының 14 ақпанға қараған күнге келгенін пайдаланып, сүйіктісіне "ғашықтар күніне" сыйлық жасау үшін ұрлыққа барғанын айтқан. Сол күні ол мекемедегі бейнебақылау камераларын сөндіріп, ұрлық жасаған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0