Қоғам

Қазақстанда білім гранты 50%-ке артады

© Photo : WokandapixСтопка книг, иллюстративное фото
Стопка книг, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Президенттің тапсырмасымен биыл сәуірде Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы қабылданады

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстанда 2025 жылға қарай білім гранттарының саны 50 процентке артады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жоғары білім қолжетімді болу үшін 2025 жылға қарай гранттар саны 50 пайызға артады. Жыл сайын жас ғалымдарға 1000 грант бөлініп, 500 қазақстандық ғалым әлемге танымал ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өте алады", - деді Мамин үкімет отырысында.

Ол президенттің тапсырмасымен биыл сәуірде Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы қабылданатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, премьер-министр 2024 жылға қарай педагогтардың жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы екі есе өсетінін айтты.

800 жаңа мектеп салынып, 5 000 ауыл мектебі жаңартылады.

Колледждерде 9 сынып негізінде білім беру толығымен тегін болады.

Оқи отырыңыз: Білім министрі колледжге оқуға түсетіндер үшін жақсы жаңалықты бөлісті

 

Жаңалықтар
0