Іс-шара ТМД-ға мүше мемлекеттердің "ТМД - 30 жыл" халықаралық экономикалық форумы аясында өтіп жатыр.
Пандемияның жағымсыз салдары барлық салаға әсер етті. Көлік және бөлшек сауда, мәдениет және туризм, сондай-ақ жекелеген өнеркәсіп салалары қатты зардап шегіп, жұмыспен қамту көрсеткіші төмендеді. Бірақ медицина, электронды коммерция, онлайн қызметтер және қашықтықтан оқыту салалары дамып жатыр.