Оқиға

Шымкентте түрмеге телефон жібермек болған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Тимур БатыршинТікенек сым
Тікенек сым - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы аталған факті негізінде кінәлі адамға ескерту жасалады немесе 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады

АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Шымкентте колония аумағына телефон жіберуге әрекеттенген ер адам видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

9 наурыз кешке белгісіз ер адам қараңғы түскен уақытта өзін ешкім байқамайды деген оймен Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/2 мекемесінің аумағына "тыйым салынған" пакетті жіберуге тырысқан. 

Мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды мекемеге кіргізу әрекетінің жолын кесті.

"Жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орнында ер адамды ұстады. Оның бұрын сотты болғаны және жасаған қылмысы үшін іздеуде жүргені анықталды. Ал оның түрме ішіне өткізбек болған пакетәнен 3 телефон шықты", – делінген ақпаратта.

Қазіргі кезде тиісті материалдар сотқа жолданды.

Айта кетейік, аталған факті негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы ("қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде отырған адамдарға тыйым салынған заттарды кез келген тәсілмен беруге әрекет жасау") бойынша ескерту жасалады немесе 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желіде жарияланған шағымнан соң Қарағандыдағы түрме тексерілді

Жаңалықтар
0