Аңдатпа

Қазақстанда 12 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевСаябақтағы қызғалдақ мүсіні
Саябақтағы қызғалдақ мүсіні - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 12 – 15 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

12 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10:00 – Сенатта "Полицияның қызметтік моделін заңнамалық қамтамасыз ету және ішкі істер министрлігін негізгі емес функциялардан босату" тақырыбында үкімет сағаты. Шара www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

16:00 – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Қазақстан мақтаныштары" атты бірлескен жобасы аясында еліміздің спорт жұлдыздарымен кездесу өтеді. Елбасы кітапханасы мен мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын шараның мақсаты – дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Кездесу кезінде С.Сапиев, Ю.Мельниченко, И.Ильин, А.Юсупова, Б.Жұмаділов, Д.Нортаев, М.Мекенбаева, Г.Манюрова, Д.Петрухин сынды еліміздің танымал спортшылары кітапхана музейіне құнды заттарын табыстайды. Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы. Байланысу үшін: +7 708 494 3120 хабарласып, press.drs@gmail.com поштасына хат жолдау керек.

16.00 – SputnikPro білім беру жобасының "Типтік грамматикалық және стилистикалық қателіктерді қалай түзеуге болады" тақырыбындағы онлайн сессиясы. Мастер-класста "Россия сегодня" медиа-тобының мемлекеттік интернет-жобалар дирекциясы бөлімінің бастығы Елена Исайкина сауатты автордың беделін қалай сақтап, өрескел қателерді түзеу туралы әңгімелейді. Қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркелу керек.

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Махаббат миниатюралары" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

19:00 – Музыкалық жас көрермен театрында Н.Мошинаның "Дүние-Ғапыл" метафизикалық драмасының премьерасы. Бұл қойылым барша адамзатқа ортақ тақырыпты сөз ететін, адам өмірінің қаншалықты маңыздылығын алға тартатын туынды. Өтетін орны: Ж.Омаров көшесі, 47Б. Хабарласу үшін +7 707 955 76 26 нөмірі немесе mtuzpressa@gmail.com поштасы.

19.00 – "Богема" операсы. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар ("Астана Опера", Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Братья Гримм" спектаклі (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

19.30 – "ЕНТ тапсырмаймын!" спектаклі. ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік ел көшесі, 10/1).

Алматы

11:30 – Алматы қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Медеу ауданында карантиндік шаралардың сақталуын бақылауды күшейту мәселелері бойынша онлайн-брифинг. Спикер – Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев. Сұрақтарды 12 наурыз сағат 10:00-ге дейін info@rsk.almaty.kz электрондық поштасы, https://rsk.almaty.kz/web/ сайты арқылы немесе +7 707 934 39 84 (WhatsApp) нөміріне жіберуге болады.

18.30 – "Мен ұмытылмаймын" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Жаужүрек" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

13 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Гроза" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан, 11).

19:00 – Музыкалық жас көрермен театрында Н.Мошинаның "Дүние-Ғапыл" метафизикалық драмасының премьерасы. Бұл қойылым барша адамзатқа ортақ тақырыпты сөз ететін, адам өмірінің қаншалықты маңыздылығын алға тартатын туынды. Өтетін орны: Ж.Омаров көшесі, 47Б. Хабарласу үшін +7 707 955 76 26 нөмірі немесе mtuzpressa@gmail.com поштасы.

Алматы

14:00 – Алматы қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматыда COVID-19-ға қарсы вакцинацияның барысы туралы онлайн-брифинг. Спикер – Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы орталық қалалық клиникалық ауруханасының инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі директоры орынбасарының міндетін атқарушы Эльвира Ибрагимова. Сұрақтарды 12 наурыз сағат 10:00-ге дейін info@rsk.almaty.kz электрондық поштасы, https://rsk.almaty.kz/web/ сайты арқылы немесе +7 707 934 39 84 (WhatsApp) нөміріне жіберуге болады.

14.00 – "Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек туралы" заңға енгізілген өзгерістерге қарсы заңгерлер мен адвокаттардың митингі. Жиынның өтетін орны: Шоқан Уәлиханов көшесіндегі ғылым академиясы ғимаратының алдындағы алаң.

14.00 – "Жусан иісі" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан, 38). 

18.30 – "Анна Каренина" спектаклі (Әуезов атындағы театр, Абай даңғылы 103).

14 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Вечер камерной музыки" концерті. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар ("Астана Опера", Камера залы, Қонаев көшесі, 1).

19:00 – Музыкалық жас көрермен театрында Н.Мошинаның "Дүние-Ғапыл" метафизикалық драмасының премьерасы. Бұл қойылым барша адамзатқа ортақ тақырыпты сөз ететін, адам өмірінің қаншалықты маңыздылығын алға тартатын туынды. Өтетін орны: Ж.Омаров көшесі, 47Б. Хабарласу үшін +7 707 955 76 26 нөмірі немесе mtuzpressa@gmail.com поштасы.

Алматы

11.00 – "Туған күн" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы 38).

18.30 – "Баянсыз бақ" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы 38).

18.30 – "Оң қол" премьерасының қойылымы (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – Максим Аверинаның "Научи меня жить" авторлық моноспектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

15 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

11.00 – "Балалардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданған шаралар" тақырыбында ішкі істер министрлігінің онлайн брифингі. Спикер – әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк. БАҚ өкілдерінің сұрақтары 12 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін mvd_pr@mail.ru электрондық поштасында немесе 8 705 440 83 65 WhatsApp арқылы қабылданады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0