"Іле" полигонында тактикалық жаттығулар өткізілді, оған парашюттік-десанттық батальон, пилотсыз ұшу аппараттарының есептобы, шабуылдаушы және артиллериялық бөлімшелер қатысты.
300-ден астам әскери қызметші мен 100-ге жуық әскери техника заңсыз қарулы топтарға қарсы күрестің жаңа әдістерін пысықтады.
Десантшылар мен зеңбірекшілерге әскери дрондар мен олардың операторлары көмектесті. Оқу-жаттығулар, десанттық шабуыл әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіровтың пікірінше, әскерилердің далалық дайындығын және олардың әртүрлі жағдайларда өзара әрекеттесуін жақсартуға арналған.