Мәдениет

Қазақстанда ұлттық спорт түрлері бекітілді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоНаурыз в Алматы
Наурыз в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Жазылу
Бұған дейін Қазақстан парламентінің депутаттары білім беру мекемелерінде ұлттық спорт түрлерін енгізу арқылы бұқаралық спортты дамытуды көздейтін заң жобасын қарады

АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстанда ұлттық спорт түрлері бекітілді. Бұл туралы Қазақстанның мәдениет және спорт министрінің 2021 жылдың 26 ақпандағы бұйрығында айтылған. Құжат 19 наурызда күшіне енеді. 

Ойындар тізімі:

  • Аударыспақ;
  • Асық ату;
  • Бәйге;
  • Жамбы ату;
  • Жекпе-жек;
  • Көкпар;
  • Қазақша күрес;
  • Құсбегілік;
  • Тоғызқұмалақ.

Бұған дейін Қазақстан парламентінің депутаттары білім беру мекемелерінде ұлттық спорт түрлерін енгізу арқылы бұқаралық спортты дамытуды көздейтін заң жобасын қарады.

Жоба жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру сабақтарында ұлттық спорт түрлерін дамытуды көздейді.

Жаңалықтар
0