НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Америкалық кәсіпкер, Tesla мен SpaceX-тің негізін қалаушы Илон Маск 1 мамырда қазақстандық студенттермен онлайн режимде кездесетін болды. Бұл туралы Еуропалық экономика және бизнес жоғары колледжінің құрылтайшысы Талғат Төремұратов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Біздің колледж Ақтөбе қаласында орналасқан. Біз онлайн режимге ауысқан кезде "Визит профессора" бағдарламасын іске қостық. Мақсатымыз – студенттердің оқу-білімге құштарлығы жоғалмауы үшін апта сайын профессорлар мен танымал адамдарды жоба аясында дәріс оқуға шақырып отыру еді. Осындай кезекті бір конференцияда мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бағдарламаға Илон Маскты шақыруға болатын не болмайтыны туралы сұрады. Мен сол сәтте-ақ осы идеяны іске асыру керек деп ойладым. Сол күннен бастап әріптестеріммен әрекетке көштік. Масктың менеджеріне күн сайын хат жазып, сауал жолдап, барлық әлеуметтік желілер арқылы онымен байланысуға тырыстық. Әрине, біз Илон Масктың дайын еместігін, оның уақыты жоқ екенін және әр минуты жоспарланғаны туралы жауап алып отырдық", – дейді Төремұратов Sputnik Қазақстанға.
Жеті айға созылған келіссөзден кейін оның менеджерінен Илон Маск 1 мамырда Қазақстан студенттеріне 15-20 минут уақытын бөлуге дайын деген жауап алдық.
"Бізге кеше ғана осындай жауап келді. Бастапқыда өз студенттеріміз үшін ғана кездесу ұйымдастыруды ойлағанбыз. Кейіннен бүкіл Қазақстан жастарын неге тартпасқа деп шештік. Әрине, Маск бізге 15-20 минутта жаңа нәрсе үйретпейді, бірақ ол біздің болашақ ұрпағымыздың санасы мен дүниетанымын өзгертеді. Жастарымыздың білім мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген сүйіспеншілігін оята алады", – дейді Төремұратов.
Ол кез-келген адам ZOOM конференциясына сілтеме алып, дәріске қатыса алатындығын атап өтті.
"Біз студенттердің көкейде жүген сауалдарын қойғанын қалаймыз. Сондықтан да қызығушылық танытқандардың барлығы қосыла алатындай етіп білім басқармаларына сілтеме жібереміз. Оқу орнымыз жаңа болғандықтан, біздің студенттеріміз де аз. Яғни, конференциядағы 1 006 орынның 86-сы ғана өз студенттерімізге, ал қалған 920-сы қатысуға ниетті отандастарымызға арналған", – дейді Төремұратов.
Оқи отырыңыз: Илон Маск әлем бойынша тегін WiFi-ға қалай қосылуға болатынын айтты
Айта кетейік, бұған дейін Sputnik Қазақстан байқауға Илон Масктың байқауына қатысатын қазақстандық жастар туралы жазған болатын.