Видео

Алматы тұрғындары қала көшелеріне есімі берілген тұлғаларды біле ме – видео

Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшісі Алматының бірнеше көшесіне барып, тұрғындардан көшеге есімі берілген тұлғалар жайлы не білетінін сұрады

Алматының орталығында жүз жасаған Жамбыл Жабаевтың аты берілген көше бар. Көше Розыбақиев көшесінен басталып, Пушкин көшесіне дейін жалғасады. Аға буын мен жастар да жыр алыбы Жамбылдың кім екенін біледі. Кейбірі оны "Ленинградтық өренім!" өлеңі арқылы таниды.

Алайда алматылықтар Абай даңғылынан Гоголь көшесіне дейін созылып жатқан Мұқан Төлебаев көшесіне келгенде сүрінді. Арасында қазақ композиторы, дирижер Мұқан Төлебаевті ақын немесе жазушы дегендер де бар.

Ал қаладағы ең ұзын көшенің бірі – Төле би көшесінде кездескен адамның дені қазақтың үш биі туралы білсе, арасында оны батыр дегендер де болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орналасқан Климент Тимирязев атындағы көшеде табиғат зерттеушісін қолбасшы деп атады. Енді бірі оның өсімдік, табиғат саласын зерттеуші ғалым болғанынан хабардар.

Толығырақ біздің видеодан көріңіз.

Жаңалықтар
0