Өңірлер

Алматыда карантинге байланысты жаңа қаулыға қол қойылды

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Жазылу
Құжатқа сәйкес, бұқаралық щаралар, көрмелер, той, жиын өткізуге қойылған тыйым сақталады. Үйде де адам көп жиналатын шаралар ұйымдастыруға болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз — Sputnik. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, бұқаралық щаралар, көрмелер, той, жиын өткізуге қойылған тыйым сақталады. Үйде де адам көп жиналатын шаралар ұйымдастыруға болмайды.

Сондай-ақ Наурызды тойлауға, мерекелік отырыстар өткізуге рұқсат етілмей отыр.

Бас санитар дәрігер 20-24 наурыз аралығында қалааралық, облысаралық автобустар қозғалысын тоқтата тұруды шешті.

Қызметі жаңғыртылмаған нысандарға: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға (Ashyq пилоттьқ жобасына катысатын нысандарды қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, мұз айдындарына баруға тыйым салынды.

Қаулы 13 наурызда күшіне енеді.

Құжаттың толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз.

Жаңалықтар
0