11 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы.
10.00 – Парламент сенатының отырысы. Күн тәртібінде батып кеткен кемелерді жою туралы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау мәселесін; кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын; "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және сот жүйесін модернизациялау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарастыратын болады. Қосымша сұрақтарға сенаттың баспасөз қызметінен 8 (7172) 74-72-27 нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.
Нұр-Сұлтан
12.00 – "Достық пен қулық" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).
19.00 – "ЕНТ тапсырмаймын!" спектаклі ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік ел 10/1).
19.00 – "Очень простая история" пьесасы (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі 11).
Алматы
18.30 – "Сыған серенадасы" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы 103).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.