Әлем

Саясаттанушы ЕМА төрағасы туралы: кешірім сұрамайды

© Sputnik / Владислав Воднев Карагандинский фармацевтический комплекс (КФК)
 Карагандинский фармацевтический комплекс (КФК) - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Жазылу
"Спутник V" вакцинасын әзірлегендер препаратты жедел мақұлдау мүмкіндіктерін "орыс рулеткасына" теңегені үшін ЕМА-ның кешірім сұрауын талап етіп отыр

Sputnik радиосына берген сұқбатында саясаттанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Антон Бредихин осы жағдайға қатысты көзқарасымен бөлісті. 

"Спутник V" вакцинасын әзірлегендер Еуропа дәрілік заттар агенттінің (ЕМА) төрағасы Криста Виртумер-Хохенің препарат пен оған қызығушылық танытып отырған елдерге қатысты пікірі үшін кешірім сұрауын талап етуде. 

Врач набирает в шприц вакцину от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Қоғам
Коронавирусқа қарсы вакцина бедеулікке ұшыратпайды

Денсаулық мәселелері жөнінде австриялық агенттіктің өкілі саналатын Виртумер-Хохе вакциналанғандар туралы мәліметтің аздығын сылтау етіп, күні бұрын австриялық ORF телеарнасының эфирінде Австрияда "Спутник V" препаратын жедел мақұлдау мүмкіндігін "орыс рулеткасымен" салыстырған болатын. 

"Спутник V" препаратын тікелей мақұлдап отырған ЕО мемлекеттеріне қатысты жағымсыз пікір білдіргені үшін біз ЕМА басшысы Криста Виртумер-Хохенің кешірім сұрауын талап етеміз. Оның пікірі ЕМА сараптамасына саяси тұрғыдан ықпал ету ықтималдығы туралы бірқатар сұрақ тудырып отыр", - деп жазылған Twitter желісінде ресейлік вакцина үшін құрылған парақшада.

Мәлімдеме авторлары еуропалық агенттік бұған дейін ешбір вакцина туралы осы тектес пікір білдірмегенін ескертті. Ресейлік вакцинаны әзірлегендер атап өткендей, мұндай пікірлер аталған вакцина мақұлданған елдердің агенттіктеріне қатысты күдік тудыратынын баса айтты. 

Коронавирусқа қарсы екпе салу - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
Қоғам
Мұсылмандарға вакцина салдыруға бола ма – мүфтият жауабы

Төртінші наурыз күні ЕМА "Спутник V" препаратының сараптамасы басталғанын хабарлады. Генттік вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін тексереді.

Ресейлік вакцина бүгінде әлемнің 46 елінде тіркелген. Ол ұлттық тұрақтандырушы агенттіктердің препаратты қолдануға мақұлдау саны бойынша вакциналар арасында әлемде екінші орында тұр. Вакцинаның тиімділігі 91,6% -і құрайды. Бұл беделді Lancet журналындағы мақаламен расталған. 

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, "Архонт" журналының бас редакторы Антон Бредихин ЕМА басшысы Виртумер-Хохенің бұл мәлімдемесінің артында саясат пен алақол бәсекелестік тұрғанын айтты. 

"Біздің вакцина туралы ақпараттың көп болғаны соншалық, не медицинадан, не биологиядан хабары жоқ адамның өзі маман бола алады. Виртумер мәлімдемесінен біз бәсекелестер тарапынан саналы түрде төмендету көзделгенін көріп отырмыз. Сондықтан кешірім сұрайды деп ойламаймын. Еуропалықтар ресейлік вакцинаны өздері сұрап алса да, кешірім сұраулары екіталай", - деді Антон Бредихин.

Жаңалықтар
0