Оқиға

"Жұмабектің бажасымын!": полициядан қорықпайтын шымкенттіктің видеосы тарады

© Sputnik / Абзал КалиевВид из салона автомобиля патрульной полиции во время дежурства
Вид из салона автомобиля патрульной полиции во время дежурства  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Жазылу
Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісін босатқаны үшін Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты тексеріс басталды

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісінің видеосы тарады. Ол полицияға бағынбай, ұсталған жерінен оп-оңай кетіп қалған. Осыған байланысты құқық қорғаушыларға қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Видеода көлік жүргізушінің түнгі уақытта жолдың қарсы бетіне шыққанын анық көруге болады. Ал видеоға түсіріп жатқан адам: "Шәуілдір, встречка", - деп қояды. Ал айналма жолға бұрылғанда дәл алдынан патрульдік полиция шығады. Бірақ көлік жүргізушісі қорықпайды.

Полиция қызметкері құжат сұрағанда: "Не болды? Мен - Жұмабектің бажасымын. Қазір Жұмабек келеді артынан. Жұмабекке звондасай", - дейді. Алайда құқық қорғаушы бейнебақылаудың бар екенін және ешкімге звондамайтынын айтады. Көлік жүргізуші де қайтпайды. "Әне, "083" келіп тұр, соған барсай, құжат жоқ!", - дейді. Осы кезде полиция қызметкеріне бір адам жақындайды. "Ей, Жұмабек!" деген дауыс естіледі. Ал көлікте отырғандар: "Шәуілдір біздікі!", - деп, кете береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Түркістан облыстық полиция департаменті осы оқиғаның Отырар ауданында болғанын растады. Видео әлеуметтік желіге шыққаннан кейін тәртіп сақшылары іздестіру шараларын өткізіп, Лада Приора мінген "Жұмабектің бажасын" ұстады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

"Автокөлік иесіне қатысты екі бірдей баппен  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігі ("көлікті жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу") және 613-бабының 1-бөлігі ("ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару") баптары қарастырылып отыр. Ал оның автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды", - дейді құқық қорғаушылар. 

Облыстық полиция департаменті кешірім сұраған көлік жүргізушісінің видеосын да жариялады. Ал жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісін босатқаны үшін Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты тексеріс басталды.

Жаңалықтар
0