НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. 9 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың матрицасы жарияланды.
Бір тәулік ішінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай қатты өзгерген жоқ.
- "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта тұр.
"Қызыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.
Қазақстанның өзі "сарыдан" "жасылға" ауысты.
Еске салсақ, кеше, 8 наурызда республика "сары" аймақта болған еді.
Өткен тәулікте елде 571 адамнан коронавирус анықталды.