НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте ковид пен коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Оның ішінде жетеуі коронавирустан, екеуі пневмониядан көз жұмды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның екі өңірінде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам анықталмады
9 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 758 адам короновирус инфекциясынан (13 812 КВИ+ және 4 946 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 638 пациент стационарда, 14 120 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індеткен шалдыққандардың арасында:
- 254 адамның жағдайы ауыр;
- 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 40 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.