Өңірлер

Полициядан қорықпайтын шымкенттік жүргізуші видеосы: Жұмабектің кім екені анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевПолиция көлігі
Полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Жазылу
Қазіргі кезде материалдар Отырар аудандық сотына жолданып, облыстық полиция департаменті Жұмабектің кім екенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Түркістан облыстық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік қызметі "Жұмабектің бажасына" қатысты тексерістің алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, видео 8 наурызға қараған түні Отырар ауданында түсірілген. Сол кезде жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісін полиция қызметкері тоқтатқан. Алайда жүргізуші оның заңды талабына бағынбай, "Жұмабектің бажасымын" деп, оқиға орнынан кетіп қалған. Тексеріс кезінде полиция қызметкерінің оны артынан қуғаны анықталды.

"Полиция қызметкері осы жайтта табандылық танытып, соңынан қуып жетіп, жол ережесін өрескел бұзған "Лада Приора" автокөлігінің жүргізушісіне екі бірдей әкімшілік хаттама толтырған. Сосын жүргізушіні медициналық куәләндырудан өткізген. Ол ішімдік ішпеген болып шықты", – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі кезде жиналған материалдар Отырар аудандық сотына жолданды. Осы орайда облыстық полиция департаменті Жұмабектің кім екенін де анықтады.

"Отырар аудандық полиция бөлімінде Жұмабек Төлеген есімді полиция майоры жұмыс істейді. Ол әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы лауазымында, оның қарамағына екі қызметкер кіреді. Бүгінде полиция қызметкеріне қатысты Түркістан облысы полиция департаменті ӨҚБ-мен тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде", – дейді құқық қорғаушылар.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісінің видеосы тараған болатын. Ол полицияға бағынбай, ұсталған жерінен оп-оңай кетіп қалған. Осыған байланысты құқық қорғаушыларға қатысты тексеріс басталды.

Оқи отырыңыз: Бүгіннен бастап жүргізуші куәлігін ұстамауға болады – маңызды 10 сұрақтың жауабы

Видеода көлік жүргізушінің түнгі уақытта жолдың қарсы бетіне шыққанын анық көруге болады. Ал видеоға түсіріп жатқан адам: "Шәуілдір, встречка", – деп айтады. Айналма жолға бұрылғанда дәл алдынан патрульдік полиция шығады. Бірақ көлік жүргізушісі еш саспайды.

Полиция қызметкері құжат сұрағанда: "Не болды? Мен – Жұмабектің бажасымын. Қазір Жұмабек келеді артымнан. Жұмабекке звондасай", – дейді.

Алайда, құқық қорғаушы бейнебақылаудың бар екенін және ешкімге звондамайтынын айтады. Көлік жүргізуші де қайтпайды: "Әне, "083" келіп тұр, соған барсай, құжат жоқ!", – дейді.

Осы кезде полиция қызметкеріне бір адам жақындайды. Кенет: "Ей, Жұмеке!" деген дауыс та естіледі. Ал көлікте отырғандар: "Шәуілдір біздікі!", – деп кете барады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Кейіннен облыстық полиция департаменті кешірім сұраған көлік жүргізушісінің видеосын да жариялады.

Жаңалықтар
0