Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Құймақ әзірлеген әлем жұлдыздары – фото

Жазылу
Апта дүйсенбісінде Масленица мерекесі басталды. Ол қыспен қоштасып, көктемге бет бұруды, яғни ауыл шаруашылығының кезекті жаңа маусымын қарсы алуды білдіреді

Көп адамдар Масленица апталығын хош иісті әрі ыстық, түрлі салмасы бар құймақпен байланыстырады. Дәл осы құймақ ұннан әзірленген әлемдегі алғашқы тағам болуы ғажап емес. Себебі, әр ұлттың өз құймағы бар. Мәселен, француз крепасы, моңғол гамбирі, қытай құймақтары, болгар палачинкасы, ағылшын панкейкі, үнді досасы, эфиопиялық ынджера және тағы басқалар.

Бүгінде құймақтың сан мың рецепті бар. Біреулер құймақ түсін өзгерту үшін оған түрлі көксөк пен көкөніс қосса, енді бірі құймақ қамырымен табада сурет салады, тағы біреулер дайын құймақты ерекше етіп орайды...

Жалпы құймақ атауы славян тілінен шыққан деген болжам бар. Ал мәдениетте дөңгелек әрі алқызыл түсті бұл тағам Күн символы ретінде қарастырылады. Қыс қаһары қайтып, көктем лебі сезіле батағанымен, алайда алғашқы ауыл шаруашылығы өнімдерін жинауға ұзақ уақыт бар шақта адамдар осы мейрам арқылы Күнге қысты жеңуге көмектескен деседі.

Оқи отырыңыз: Астана LRT: сақалды құрылыс тағдыры – фото

Қазір бұл мерекенің мән-мағынасы біршама өзгеріске ұшырағанымен, салт пен дәстүр дәуірлер байланысын әлі де мығым ұстап тұр.

© AP Photo 1951 жылы Олни қаласында британдық үй шаруасындағы қыз-келіншектер дәстүрлі "құймақ" жарысына қатысып жатыр. Бес жүз жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл мерекелік жарыс кезінде әйелдер қолына ұстаған табадағы құймақты лақтыра отырып, белгілі бір қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс.
Британдық үй шаруасындағы қыз-келіншектер дәстүрлі құймақ жарысына қатысып жатыр - Sputnik Қазақстан
1/12
1951 жылы Олни қаласында британдық үй шаруасындағы қыз-келіншектер дәстүрлі "құймақ" жарысына қатысып жатыр. Бес жүз жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл мерекелік жарыс кезінде әйелдер қолына ұстаған табадағы құймақты лақтыра отырып, белгілі бір қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс.
© Sputnik / Titov / Медиабанкке өтуТралды флоттың Петропавл-Камчатка базасындағы "Мыс Отрадный" мұздатқыш траулерінің аспазы Мария Мельничук.
Тралды флоттың Петропавл-Камчатка базасындағы Мыс Отрадный мұздатқыш траулерінің аспазы Мария Мельничук. - Sputnik Қазақстан
2/12
Тралды флоттың Петропавл-Камчатка базасындағы "Мыс Отрадный" мұздатқыш траулерінің аспазы Мария Мельничук.
© AFP 2024 / Philippe LopezГонконгте көше аспазы автобс аялдамасының жанында құймақ әзірлеп тұр.
Гонконгте көше аспазы автобс аялдамасының жанында құймақ әзірлеп тұр.  - Sputnik Қазақстан
3/12
Гонконгте көше аспазы автобс аялдамасының жанында құймақ әзірлеп тұр.
© AFP 2024"Сен осы хатты оқыған сәтте" фильмінде монах әйел рөлін сомдаған француз әншісі Жюльетт Греко жұбы Филипп Лемермен бірге құймақ әзірлеп жатыр, Сен-Северин монастырі, 1953 жыл.
Француз әншісі Жюльетт Греко жұбы Филипп Лемермен бірге құймақ әзірлеп жатыр, Сен-Северин монастырі, 1953 жыл.  - Sputnik Қазақстан
4/12
"Сен осы хатты оқыған сәтте" фильмінде монах әйел рөлін сомдаған француз әншісі Жюльетт Греко жұбы Филипп Лемермен бірге құймақ әзірлеп жатыр, Сен-Северин монастырі, 1953 жыл.
© AFP 2024 / Abdelhak SennaМарокко құймақтарын сату процесі қызыққа толы өтеді.
Марокко құймақтарын сату процесі қызыққа толы өтеді.  - Sputnik Қазақстан
5/12
Марокко құймақтарын сату процесі қызыққа толы өтеді.
© AP Photo Республикашылдар атынан президент сайлауына түскен Рональд Рейган 1980 жылы демеушілерден ақша жинауға арналған таңғы ас кезінде құймақ әзірлеп жатыр.
Республикашылдар атынан президент сайлауына түскен Рональд Рейган 1980 жылы демеушілерден ақша жинауға арналған таңғы ас кезінде құймақ әзірлеп жатыр.  - Sputnik Қазақстан
6/12
Республикашылдар атынан президент сайлауына түскен Рональд Рейган 1980 жылы демеушілерден ақша жинауға арналған таңғы ас кезінде құймақ әзірлеп жатыр.
© AP Photo / Charles Rex ArbogastЧикагода Гиннестің рекордтар кітабына енуге үміткерлер құймақтар қаттамасының биіктігін өлшеп жатыр. Алайда, аспаз Джон Монтанил мен Марк Уильямс рекорд орната алмады.
Чикагода Гиннестің рекордтар кітабына енуге үміткерлер құймақтар қаттамасының биіктігін өлшеп жатыр. - Sputnik Қазақстан
7/12
Чикагода Гиннестің рекордтар кітабына енуге үміткерлер құймақтар қаттамасының биіктігін өлшеп жатыр. Алайда, аспаз Джон Монтанил мен Марк Уильямс рекорд орната алмады.
© Sputnik / Vladimir Perventsev / Медиабанкке өтуВоронеж облысындағы Хреновое аулында жергілікті тұрғындар "Масленица" мейрамын тойлап жатыр.
Воронеж облысындағы Хреновое аулында жергілікті тұрғындар Масленица мейрамын тойлап жатыр.  - Sputnik Қазақстан
8/12
Воронеж облысындағы Хреновое аулында жергілікті тұрғындар "Масленица" мейрамын тойлап жатыр.
© AFP 2024 / Rafa RivasБильбаодағы рождество жәрмеңкесінде ер адам талос деп аталатын әйгілі баск құймақтарын әзірлеп жатыр.
Бильбаодағы рождество жәрмеңкесінде ер адам талос деп аталатын әйгілі баск құймақтарын әзірлеп жатыр.  - Sputnik Қазақстан
9/12
Бильбаодағы рождество жәрмеңкесінде ер адам талос деп аталатын әйгілі баск құймақтарын әзірлеп жатыр.
© AP Photo / Mario SurianiӘлемге танымал боксшы Майк Тайсон Нью-Йорктің Plaza қонақ үйіндегі аспаздық шоуында өзінің "нокаут-құймақтарын" дайындап жатыр. 22 қараша, 1989 жыл.
Боксшы Майк Тайсон Нью-Йорктің Plaza қонақ үйіндегі аспаздық шоуында өзінің нокаут-құймақтарын дайындап жатыр. - Sputnik Қазақстан
10/12
Әлемге танымал боксшы Майк Тайсон Нью-Йорктің Plaza қонақ үйіндегі аспаздық шоуында өзінің "нокаут-құймақтарын" дайындап жатыр. 22 қараша, 1989 жыл.
© AFP 2024 / Stephen ShaverБангкокте бойжеткен құймақтардың ішінде түрлі салма салып, оларды хот-дог түрінде орап жатыр.
Бангкокте бойжеткен құймақтардың ішінде түрлі салма салып, оларды хот-дог түрінде орап жатыр.  - Sputnik Қазақстан
11/12
Бангкокте бойжеткен құймақтардың ішінде түрлі салма салып, оларды хот-дог түрінде орап жатыр.
© Photo : Public domain / Nationaal ArchiefНидерландыда әйел адам екі қызымен бірге таңғы ас әзірлеп жатыр, 1950 жыл.
Нидерландыда әйел адам екі қызымен бірге таңғы ас әзірлеп жатыр, 1950 жыл. - Sputnik Қазақстан
12/12
Нидерландыда әйел адам екі қызымен бірге таңғы ас әзірлеп жатыр, 1950 жыл.
Жаңалықтар
0