НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Шымкентте мас жүргізуші полиция қызметкеріне бағынбай, мектеп оқушыларына қауіп төндірді, деп хабарлады Polisia.kz.
5 наурызда Шымкент қаласы полиция департаментінің Қаратау АПБ-ның ювеналды полиция инспекторы № 92 мектептің алдында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарып тұрған. Сол кезде "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың алдына автокөлігін қойып, оқушыларға қауіп төндірген.
Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жүргізуші орта дәрежеде, ал оның досы жеңіл дәрежеде мас болған. Құқық бұзушылар полицияға жеткізілді. Біреуі – 1989 жылы туған, ал екіншісі – 1982 жылы туған Сайрам елді мекенінің тұрғындары.
Полиция қызметкерлері тексеріс нәтижесі бойынша бұл жағдайға құқықтық баға береді.