Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әйелдер әдемілік үшін қандай әрекеттерге бара алады – фото

Жазылу
Әйел сұлулығы туралы түсінік әр ғасырда әртүрлі болғаны белгілі. Алайда, сұлулықтың соңына шам алып түскен кей қыз-келіншектердің ақылға қонымсыз амалдарға баратыны жаға ұстатады

ХХ ғасырдағы нәзіік жандылар сұлулық үшін қандай әрекеттерге барғанын фототоптамадан тамашалаңыз.

Жалпы әйел баласы сұлулығы мен жастығын ұзақ уақыт сақтап қалуы үшін еш жүрексінбестен адам айтса нанғысыз амалдарға барады. Олардың кейбірі ерсі көрінетіні соншалық, өз көзіңе өзің сенбеуің мүмкін!

Егер қазір дүрдиген ерін, өткір жақ, жіңішке бел сәнге айналса, онда пластикалық хирургтер мен косметологтар "ине ұшындағы сұлулыққа" қатысты  арман-тілекті оп-оңай орындап бере алады.

Алайда, өткен ғасырдың сұлулық медицинасында мұндай жетістіктер жоқ болатын. Сол себепті сұлулықты қалаған ару тыныстай алмайтындай етіп белін көрсетпей байлауға, қорғасын мен құрт-құмырсқаны кәдеге жаратуға мәжбүр болды.

Оқи отырыңыз: Ғылымның жетістігі: клондалған жануарлар – фото

ХХ ғасырда қыз-келіншектер қауымы сұлу болып көріну үшін қандай құрбандыққа барғанын суреттерден тамашалаңыз.

CC BY 3.0 / Willy Pragher / Kabarett der Komiker; Gisela SchlüterГерманиялық бойжеткен шашты бұйралауға арналған арнайы шлем киім отыр.
Германиялық бойжеткен шашты бұйралауға арналған арнайы шлем киім отыр. - Sputnik Қазақстан
1/12
Германиялық бойжеткен шашты бұйралауға арналған арнайы шлем киім отыр.
© Photo : Public domainХХ ғасырда екі бетінде шұңқыры бар қыздар ерекше сұлу деп саналған. 1923 жылы адам бетінде осындай шұңқыр түзуге көмектесетін құрылғы патенттелді. Ол үшін екі бетке үлкен қысым түсіріп, әлгі шұңқырлардың пайда болуына әсер ететін арқан іспеттес құрылғы жаққа тағылған.
1923 жылы адам бетінде осындай шұңқыр түзуге көмектесетін құрылғы патенттелді. - Sputnik Қазақстан
2/12
ХХ ғасырда екі бетінде шұңқыры бар қыздар ерекше сұлу деп саналған. 1923 жылы адам бетінде осындай шұңқыр түзуге көмектесетін құрылғы патенттелді. Ол үшін екі бетке үлкен қысым түсіріп, әлгі шұңқырлардың пайда болуына әсер ететін арқан іспеттес құрылғы жаққа тағылған.
CC BY 4.0 / André Just, ca. / Wellcome Collection / (cropped image)Венгер бойжеткені беттегі сепкілдерді кетіретін процедура қабылдап отыр
Венгер бойжеткені беттегі сепкілдерді кетіретін процедура қабылдап отыр - Sputnik Қазақстан
3/12
Венгер бойжеткені беттегі сепкілдерді кетіретін процедура қабылдап отыр
© Photo : Public domain / The U.S. Food and Drug AdministrationПлакатта АҚШ-тағы артық салмақтан арылуға көмектесетін таспақұрттар жарнамасы кескінделген. Жарнама мәтінінде бұл таспақұрттардың адам денсаулығына еш қауіп төндірмейтіні жазылғанмен, ғажайып препаратты ішкен соң іш ауруы мен диарея пайда болу ықтималдылығы ескертілген.
Плакатта АҚШ-тағы артық салмақтан арылуға көмектесетін таспақұрттар жарнамасы бейнеленген - Sputnik Қазақстан
4/12
Плакатта АҚШ-тағы артық салмақтан арылуға көмектесетін таспақұрттар жарнамасы кескінделген. Жарнама мәтінінде бұл таспақұрттардың адам денсаулығына еш қауіп төндірмейтіні жазылғанмен, ғажайып препаратты ішкен соң іш ауруы мен диарея пайда болу ықтималдылығы ескертілген.
© Photo : Public domain / ThyldaӨткен ғасырда корсет сәнге айналды. Оның көмегімен қыз-келіншектер қыпша белді қолдан жасаған. Алайда, мұның салдарынан сұлулыққа жаны құмар арулардың ішкі органдарының зақымдалуы дәрігерлер арасында алаңдаушылық тудырды. Суретте: бойжеткен Les Modes журналы үшін корсет жарнамалап тұр, 1908 жылдың қазан айы.
Өткен ғасырда корсет сәнге айналды - Sputnik Қазақстан
5/12
Өткен ғасырда корсет сәнге айналды. Оның көмегімен қыз-келіншектер қыпша белді қолдан жасаған. Алайда, мұның салдарынан сұлулыққа жаны құмар арулардың ішкі органдарының зақымдалуы дәрігерлер арасында алаңдаушылық тудырды. Суретте: бойжеткен Les Modes журналы үшін корсет жарнамалап тұр, 1908 жылдың қазан айы.
CC BY 4.0 / Wellcome Collection / (cropped image)Суретте: бойжеткендер беттегі әжім мен түрлі дақтарға қарсы каучукты косметикалық маска қолданып тұр.
Суретте: бойжеткендер беттегі әжім мен түрлі дақтарға қарсы каучукты косметикалық маска қолданып тұр.  - Sputnik Қазақстан
6/12
Суретте: бойжеткендер беттегі әжім мен түрлі дақтарға қарсы каучукты косметикалық маска қолданып тұр.
© AP Photo Суретте: жапон қызы тістерін қара түске бояп отыр. Жапонияда әйел адамның тіс бояуы дәстүрге айналған. Кейіннен тұрмыс құрмаған бойжеткендер ғана тісін қара түске бояған.
Жапонияда әйел адамның тіс бояуы дәстүрге айналған - Sputnik Қазақстан
7/12
Суретте: жапон қызы тістерін қара түске бояп отыр. Жапонияда әйел адамның тіс бояуы дәстүрге айналған. Кейіннен тұрмыс құрмаған бойжеткендер ғана тісін қара түске бояған.
© AP Photo Сәнқой төстің көлемі мен өсуін ынталандыратын серіппелі бюстгальтер киіп тұр. Ол кез-келген уақытта киюге арналған электрлі вибратормен жабдықталған. 13 наурыз 1971 жыл, Брюссель.
Сәнқой төстің көлемі мен өсуін ынталандыратын серіппелі бюстгальтер киіп тұр.  - Sputnik Қазақстан
8/12
Сәнқой төстің көлемі мен өсуін ынталандыратын серіппелі бюстгальтер киіп тұр. Ол кез-келген уақытта киюге арналған электрлі вибратормен жабдықталған. 13 наурыз 1971 жыл, Брюссель.
© AP Photo Қазір Нанкиндегі ұлттық үкімет "байланған аяқ" әдетіне тыйым салуға тырысып жатыр. Қытай қыз-келіншектері бала кезден аяқтарын қысып байлап, аяқ көлемін кішірейтуге тырысқан. Сурет 1963 жылдың 21 қыркүйегінде түсірілген.
Қытай қыз-келіншектері бала кезден аяқтарын қысып байлап, аяқ көлемін кішірейтуге тырысқан - Sputnik Қазақстан
9/12
Қазір Нанкиндегі ұлттық үкімет "байланған аяқ" әдетіне тыйым салуға тырысып жатыр. Қытай қыз-келіншектері бала кезден аяқтарын қысып байлап, аяқ көлемін кішірейтуге тырысқан. Сурет 1963 жылдың 21 қыркүйегінде түсірілген.
© AP Photo Шаш үтіктеуге арналған құрылғы. Шаштараз шашты арнайы тегіс бетке жайып қойып, оны үтіктеп жатыр. 1965 жылғы 20 қараша, Нью-Йорк.
Шаш үтіктеуге арналған құрылғы - Sputnik Қазақстан
10/12
Шаш үтіктеуге арналған құрылғы. Шаштараз шашты арнайы тегіс бетке жайып қойып, оны үтіктеп жатыр. 1965 жылғы 20 қараша, Нью-Йорк.
© Photo : Public domain Мұрын пішінін өзгертуге арналған хабарландыру фотосы. 1916 жылғы желтоқсан айы.
Мұрын пішінін өзгертуге арналған хабарландыру фотосы. 1916 жылғы желтоқсан айы.  - Sputnik Қазақстан
11/12
Мұрын пішінін өзгертуге арналған хабарландыру фотосы. 1916 жылғы желтоқсан айы.
© AP Photo / Edward KitchТасымалданатын электрлі фенді бастарына киген бойжеткендер. Чикаго, 1965 жыл.
Тасымалданатын электрлі фенді бастарына киген бойжеткендер. Чикаго, 1965 жыл. - Sputnik Қазақстан
12/12
Тасымалданатын электрлі фенді бастарына киген бойжеткендер. Чикаго, 1965 жыл.
Жаңалықтар
0