Әлем

Миллиардер мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Жазылу
Республикалық партияның өкілі Францияның солтүстігінде апатқа ұшырады. Оның әкесі де белгілі саясаткер болған

АЛМАТЫ, 8 наурыз – Sputnik. Француз депутаты, миллиардер Оливье Дассо мінген тікұшақ Нормандияда (Францияның солтүстігі) құлады, деп хабарлады Europe 1 радиостанциясы.

Апат Тук коммунасы ауданында болды, миллиардермен бірге ұшқыш та қаза тапты. Қайғылы жағдайға байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон Twitter-де көңіл айтты.

"Оливье Дассо Францияны жақсы көрді. Ірі кәсіпкер, депутат, әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болды. Ол өмір бойы біздің елге қызмет етті", - деп жазды Макрон.

Республикалық партияның өкілі 69 жасында қайтыс болды. Оның әкесі Серж Дассо да миллиардер, танымал бизнесмен және саясаткер болған.

Жаңалықтар
0