НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Германияда 50 жастағы неміс боксшысы Фират Арсланның (48-9-3, 33 КО) жекпе-жегі өтті, деп хабарлады Sports.kz.
Оған тағы бір ардагер – 43 жастағы венесуэлалық Гусмир Пердомо (26-10, 17 КО) қарсылас болды. Ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған, бірақ үшінші раундта Арслан нокаутпен жеңіске жетті. Видеоны төменде көруге болады.
50yr old cruiserweight Firat Arslan (48-9-3, 33 KO's) with the KO-3 of Gusmyr Perdomo (26-10) in his return to the ring, his 60th fight, at his new gym in his hometown of Goeppingen, Germany pic.twitter.com/VSodCUT6R8
— Tim - Boxeo 拳闘 Boxen бокс มวย Boks 拳击 Box (@TimBoxeo) March 6, 2021
Осылайша, Фират Арслан өзінің кәсіби карьерасындағы 49-шы жеңісіне қол жеткізді, ал Гусмир Пердомо 11-ші рет жеңіліп отыр.
Жеңілмеген қазақстандық боксшы күтпеген жерден нокаутқа түсіп қалды – видео
Айта кетейік, Арслан бұрын WBO тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы болған.