Видео

Әйелдер колониясында 8 наурыз қалай аталып өтеді

Жазылу
Алматы облысындағы Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер түрмесінде баласымен бірге отырғандар да бар

Темір тордың ар жағындағы әйелдер мереке қарсаңында өздері мерекелік кеш ұйымдастырады. Қазір мұнда 460-қа жуық әйел жазасын өтеп жатыр. Sputnik Қазақстан тілшілері әйелдер түрмесіне барып, олардың мерекеге дайындығын көріп, әйелдермен әңгімелесті.

Осыдан біраз уақыт бұрын Наталья өзін абақтыда отырамын деп ойламаған. Себебі 18 жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етті. Заң мен тәртіпті сақтап жүргеніне сенімді болды. Ал қазір екі жыл тергеу изоляторында, бес ай түрмеде отырғанына қарамастан өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуден үміт үзбей келеді. Ал үйінде екі баласы мен егде жастағы анасы күтіп отыр.

"Мені алты және сегіз жастағы екі кішкентай балам күтіп отыр. Анам 64 жаста. Олар менің отбасым. Мен түрмеге түскелі күйеуіммен ажырастық. Өмірімде осындай жағдай да болды. Көптеген ер адам осылай оңай беріле салады", - дейді Наталья Кандолова.

Ботагөз Бахарова өзінің екінші қызын осы жерде Жауғашты колониясында дүниеге әкелді. Үш жасқа дейін нәресте анасымен бірге балалар қалашығының аумағында болған. Әрине, еркіндіктегідей болмаса да, оның сөзінше, сәбиінің жанында үш жыл тез өтіп кетті.

Бір сәт қабырға сыртындағы өмірге оралу: түрмедегі әйелдер көктемді қалай қарсы алады

"Бала ол бала. Сотталушының немесе кімнің баласы екені маңызды емес. Сондықтан карантин жариялап, балалар қалашығын жаптық. Балалар аналарымен бірге сол жерде тұрады, сол жерде тамақтанады. Тұрмысқа қажет барлық жағдай жасалған. Ол жаққа бір жасақ басшысы мен шектеулі қызметкерлер кіріп-шығады. Яғни, балалар қалашығының басшысы – балалар дәрігері, медбикелер мен бала күтушілер кіреді. Бала күтушілер – тәрбиешінің білімі бар үш әйел", - деп түсіндірді ЛА 155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Гүлжәмилә Байтемірова.

Жауғашты түрмесіндегі әйелдер қандай қылмыс жасағанына қарамастан балаларға ерекше қарайды. Бірі қолында бар тәттісін берсе, бірі қамқорлық көрсетеді.
 

Жаңалықтар
0