Әлем

Ресейдің ұлттық саясатына ықпал еткен қазақ қызы сұқбат берді

© Photo : из личного архиваКамиля Байдильдина
Камиля Байдильдина - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Жазылу
Алматылық студент қыз қалай Ресейдегі маңызды мәдени жобалар ұйымдастырушысы болғаны туралы Sputnik Қазақстанға берген эксклюзивті сұқбаттан оқыңыз

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik, Данара Құрманова. "Мән-мағына аумағы" жастар білім беру форумы, Ресей күні және "Царицыно" усадьбасындағы фестивальдер. Бұл іс-шаралар Ресейден тыс аумақта да жақсы танымал. Дәл осы іс-шараларды ұйымдастырушылардың бірі – Алматы тумасы Камилә Байділдина. 8 наурыз күні ол Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында жетістіктерге қалай қол жеткізгені жайлы бөлісіп, Иосиф Кобзоннан не үйренгенін және ұлттық сана-сезім Мәскеудегі қызметке қалай әсер ететіні туралы айтып берді.

Мәдениет министрі болуды армандады

Камилә Байділдина – "Царицыно" музей-қорығы директорының даму жөніндегі орынбасары. Ол сұқбатты өз кабинетінде берді. Әңгімені үздіксіз соғылған телефон қоңыраулары бөле берді. Ол күні Мәскеуде қалыптан тыс нормада қар жауып, Камилә парк аумағында қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатқанын нақтылап отырды.

"Бала кезде атам секілді заңгер болуды армандадым. Алматыдан кетемін деген ойым болған емес", - дейді Камилә.

Жас кезде заң саласындағы армандар Қазақстанның мәдениет министрі болуды көздейтін ауқымды жоспарға ұласқан. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бойжеткен Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын театртанушы мамандығы бойынша тәмамдап, Алматыдағы неміс драма театрына жұмысқа орналасады.

© Photo : из личного архиваКамилә Байділдина – "Царицыно" музей-қорығы директорының даму жөніндегі орынбасары
Ресейдің ұлттық саясатына ықпал еткен қазақ қызы сұқбат берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Камилә Байділдина – "Царицыно" музей-қорығы директорының даму жөніндегі орынбасары

"Бұл Неміс театрының дәурені жүріп тұрған шақ еді. Ол көзде жалын бар, толассыз идеялары асып-тасып жатқан, оқып-үйренуге деген ынтасы зор жастар жұмысқа келді, - деп еске алды Камилә. Германиядағы серіктестермен жұмыс бабымен сөйлесу үшін неміс тілін үйрену керек болды. Біліктілікті арттыру аясында маған Мюнхен қаласына үш айға барып келу туралы ұсыныс түсті. Дәл осы кезде Мәскеуге бару мүмкіндігі де пайда болды. Мен магистратурада оқуды жалғастыруға өтініш жолдаған болатынмын. Ұзақ ойланып, ақырында Мюнхенге жол тарттым. Себебі, Германия мен үшін ең алғашқы шекарадан тыс шет мемлекет болды. Ал Мәскеуге әлі-ақ барамын деп ойладым".

Мәскеуге жеткізер жол

Расымен де Камилә ойлағаннан да аз уақыт ішінде Ресей астанасына жол түсті.

"Мюнхенге барып келгеннен кейін жақын құрбымның ұсынысы бойынша Мәдениет, спорт және жастар саясаты министрлігіне қызметке тұрдым, - деп бөлісті ол. – Бір жылға жуық мәдени ойын-сауық бағдарламалар бөліміне жетекшілік еттім. Осы уақытта маған Ресейдің халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Жоғарғы әлеуметтік-экономикалық ғылымдар мектебіндегіі магистратурадан хабарласты".

Камиләның өтініші қайта қарастырылып, Мәскеудегі оқу күтіп тұрғаны туралы хабарлаған. Бойжеткен бұл жолы мүмкіндікті қалт жібермеуге бел байлайды.

"Менің жетекшім "Сен елге қайтпайсың!" деді бірден. Ал мен қайта оралатыныма сенімді болғаным соншалық, екеуміз бір жәшік коньякқа бәстестік", - деп күлді ол.

Әрине, Камилә бұл бәстен жеңіліп қалды.

© Photo : из личного архиваБолашақ жарымен әуежайда танысты
Ресейдің ұлттық саясатына ықпал еткен қазақ қызы сұқбат берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Болашақ жарымен әуежайда танысты

"Магистратурада оқып жүрген кезде-ақ мен Ресей ұлттық оркестрінде жұмыс істеп жүрдім. Кейін "Домодедово" әуежайында болашақ жарыммен таныстым, - деп әңгіміледі ол. – Роман да мен секілді Алматыдағы отбасына бара жатыр екен. Ол екеуміз бала кезде қаладағы бір ауданда тұрған екебіз. Сондай-ақ, ол менің туыс әпкемнің сыныптасы болып шықты!"

Дәл осы кездесу Камиләның Мәскеуде қалуына ықпал еткен.

"Өзіңіз байқағаныңыздай, барлығы еш кедергісіз орындала кетті, - деййді ол. – Мен өз елінде беделді болғанмен, Мәскеуге келген соң барлығын басынан бастаған талай адамды білемін. Ал қазір маған адамдар Мәскеуге алдына нақты мақсат қойып келетін секілді. Себебі, Ресейде білім алып жатқан жастар өте көп. Біз жетістіктер жайлы оқиғаларды өте жиі еститін боламыз деп ойлаймын".

Ресейдегі ұлттық саясатқа қосқан үлесі мен Абай әні

2013 жылы Кәмиләні Мәскеудегі мәдениет департаментіндегі басқармалардың біріне басшы қызметіне шақырады. Екі жылдан кейін Федералдық ұлттар ісі жөніндегі агенттіктен ұсыныс түседі

"Ол кезде агенттік жаңадан құрылып жатты. Біз барлығын басынан бастап, іс-шаралардың жаңа форматтарын ойластырдық, - дейді Камиля. – Олардың қатарында Артектегі "Көпұлтты Ресей" ауысымы, "Мән-мағыналар аумағы" жастар форумындағы бағдарлама және тағы басқа көптеген тамаша жобалар бар".

© Photo : из личного архива "Айттым сәлем, Қаламқас" әні орындалған кезде көзіме жас алдым"
Ресейдің ұлттық саясатына ықпал еткен қазақ қызы сұқбат берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
"Айттым сәлем, Қаламқас" әні орындалған кезде көзіме жас алдым"

Алайда, Камилә халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде Ресей күнін атап өтуді осылардың ішіндегі ең маңыздысы деп санайды.

"Біз Ресейдегі әрбір ұлт өз үлесін қосу арқылы Ресейді айрықша мемлекет етіп отырғанын көрсеткіміз келді, - деп түсіндірді ол. – Түрлі ұлтқа жататын танымал жұлдыздарды ұлттық киімде суретке түсуге шақырдық. Бұл фотосуреттер кейіннен  ВДНХ бас аллеясында тізіліп тұрды. Жобаға Анита Цой, Камиль Ларин секілді көптеген танымал әртістер қатысты. Ал қазақтардың атынан концертте  "Айттым сәлем, Қаламқас" әні айтылды. Максим Пастер осы әнді орындаған кезде көзіме жас алдым. Себебі, ВДНХ бүкіл аумағында қазақ әні шырқалып жатқан еді".

"Мәскеуді жақсы көремін, тегімді ұмытпаймын"

2017 жылы Камиля Байдильдиноваға қызметін ауыстырып, "Царицыно" музей-қорығының командасына қосылу туралы ұсыныс түскен.

"Мені бас директор Елизавета Фокина шақырып алды. Біз бұл адаммен көп жобаларды бірлесіп жүзеге асырдық, - дейді Камилә. – Мен музей-қорықтың дамуына жауап беремін. Оның ішінде сауда-саттық, іс-шаралар, кәдесый бұйымдарының өндірісі және жаңа тамақтану мәдениетін қалыптастыру бар. Бұған дейін мұнда дәмханалар болған емес. Сондықтан адамдар үнемі "Қайда тамақтансақ болады?" деген сұрақ қоятын".

Камиләның айтуынша, бірақ, "Царицыноны" сауда алаңына айналдырмау керек болды. "Бұл қолымыздан келді: біз саябақ пен музей қызметін үйлестіре қатар алып келе жатырмыз, - дейді ол. – Мысалы, имидждік іс-шаралар өткіземіз. Яғни, open-air форматындағы классикалық музыка концерттері, тарихи бақтар фестивалі мен гобелендер көрмесі. Бұл суретті кілемдердің кейбірі инсталляция түрінде саябақта қойылған. Гобелендер авторларының ішінде қазақстандықтар да бар".

© Photo : из личного архива"Балам да қазақи сана-сезіммен өсіп келеді"
Ресейдің ұлттық саясатына ықпал еткен қазақ қызы сұқбат берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
"Балам да қазақи сана-сезіммен өсіп келеді"

Бұл жобалардың әрқайсысының артында үлкен еңбек жатыр. Бірақ, Камиләның оған еті үйренген.

"Менің анам – музыкант, ал әкем – спортшы. Сондықтан мен музыка мектебіне де бардым, спортпен де айналыстым, бос уақытым болған емес. Музейде болған бір қызық оқиғамен бөлісейін, - деді сұқбат беруші. – Бірнеше жыл бұрын біз Иосиф Кобзонды жұбайымен бірге "Царицыно" музейіне шақырдық. Оларды үлгілі ерлі-зайыпты ретінде марапаттап, артынша Иосиф Давыдович ән орындауы керек болды. Салтанатты шара өтіп жатыр. Ал ол қаққан қазықтай тік тұрды да қойды. Мен: "Неге отырмайсыз?" деп сұрадым. Ал ол болса: "Отыра алмаймын. Себебі, концертке арналған шалбарымды кидім. Сахнаға шығатындықтан, оны мыжып алмауым керек", деді.

Камилә үшін бұл принцип тұлғалық өлшемге айналды. "Әрдайым өзіңді биік ұстауың керек, - деп бөлісті ол. – Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Осы жылдар ішінде қандай да бір кемсітушілік, қысым көрген емеспін. Керісінше, маған деген қызығушылық жоғары болды. Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Осы елде өз ұлтымның атынан еңбек етіп жүргенім ойымнан еш шықпайды. Балам да қазақи сана-сезіммен өсіп келеді. Ол кішкентай кезінде әкесі екеумізді де қазақ деп ойлапты. Себебі, біздің дастарұанда бесбармақ пен манты жиі пайда болады, біз Наурызды тойлаймыз. Жалпы, шығыс халқына тән мінез ешқайда жоғалмайды екен".

Жаңалықтар
0