Аңдатпа

Қазақстанда 9 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев"Астана Бәйтерек" монументі
Астана Бәйтерек монументі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 9 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

9 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

9-10 наурыз – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Застың Қазақстанға сапары. Сапар аясында ол қорғаныс және сыртқы істер министрімен, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездеседі. ҰҚШҰ бас хатшысын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деп жоспарланған.

16.00 – Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің құрметіне арналған көрменің ашылу салтанаты. Шара адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына орай өтеді. Көрмеде көрнекті тұлғаның өміріндегі маңызды оқиғалар туралы баяндалады. Ұйымдастырушылар: Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі және Мәскеу космонавтика мұражайы. "Наш Гагарин" көрмесінің ашылу салтанатына Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпанов, Қырғызстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Матвеев, Қазақстандағы Россотрудничество кеңсесінің жетекшісі Алексей Короченко қатысады. Байланыс нөмірлері: +7 701 054 7177 (Ольга Скальчук), + 7 701 261 3964 (Евгений Лумпов). Өтетін орны: Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы (Кенесары к-сі, 39).

Алматы

12.00 – "Almaty Management University Аризона штаты университетінің стратегиялық серіктесі – АҚШ-тағы инновациялар бойынша бірінші орынға ие университет" тақырыбында баспасөз конференциясы. Шараның қатысушылары: Асылбек Қожахметов, Almaty Management University президенті; DBA, доктор Стефани Линдквист, Аризона мемлекеттік университетінің жаһандық академиялық бастамалар жөніндегі аға вице-президенті; PhD доктор Рик Шангроу, Cintana Education президенті; PhD, Ербол Сүлейменов, Almaty Management University ректоры (Самал-2 мөлтек ауданы, 58-ғимарат, бірінші кіреберіс, 2-қабат. Тікелей эфир сілтемесі: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub).

18.30 – "Баянсыз бақ" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.30 – "Дипфейк" спектаклі ("Трансформ" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0