Қоғам

Нұр-Сұлтанда босанған аналарға сыйлық таратылды

© Photo : congerdesignНәресте, иллюстративті фото
Нәресте, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 11:00-ге дейін астанада 25 нәресте дүниеге келсе, оның 11-і қыз, ал 14-і ұл

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Халықаралық әйелдер күні аясында босанған әйелдерге әкімнің құттықтау хаты мен бір шоқ гүл және бесік арба табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорданың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Бүгін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов №2 көпсалалық аурухананың акушерлік бөліміне барып, аналарды құттықтап шықты.

"Бүгін – нәзік жандардың мейрамы. Біреуіңіз алғаш рет ана атанып отырсыздар, енді біреулер осы сезімге тағы бөленді. Сіздер үшін бүгін – нағыз мейрам ", – деді ол.

Басқарма басшысы босанған әрбір анаға бесік арба табыс етті. Бұдан бөлек, бір шоқ гүл мен әкімнің құттықтау хаты бар. Мұндай бастамаға аудан әкімдері де қосылды. Олар да перзентханаларды аралап, ана болған келіншектерді құттықтады.

Оқи отырыңыз: Терезе түбінде оркестр: әйелдерді 8 наурыз мерекесімен қалай құттықтады – видео

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 11:00-ге дейін астанада 25 нәресте дүниеге келген. Олардың ішінде 11 қыз және 14 ұл бар.

Жаңалықтар
0