Әлем

Әкесімен балық аулауға барған: қолтырауын сегіз жасар баланы жұтып қойды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуҚолтырауын
Қолтырауын - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2021
Жазылу
Ер адам қолтырауынның соңынан қуып, ұлын құтқаруға тырысса да, жыртқыш өзеннің түбіне қарай жүзіп кетті

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Индонезияда Темпакул өзенінде трагедия болды. Әкесімен бірге балық аулауға барған 8 жасар баланы қолтырауын жұтып қойды, деп хабарлайды The Sun.

Ұзындығы алты метрлік жыртқыш ер адам өзен жағасынан алыстаған кезде балаға тап берген.

Ер адам жағаға қарай жүгіріп, қолтырауынмен алыспақ болады. Жыртқышты қуып жетіп, ұрады, бірақ қолтырауын баланы жұтып қойып, жүзіп кетеді.

Жыртқышты келесі күні аулайды. Асқазанынан баланың мәйітін шығарады, оның денесінде жарақат іздері болмаған.

Осыған ұқсас жағдай 2019 жылы Филиппинде болған еді. Жасөспірім інісімен бірге өзенде шомылып жүргенде, алып жыртқыш бас салған. Қолтырауын ер баланың сол қолынан тістеп, өзеннің түбіне қарай тарта жөнеледі. Оқиғаның куәгері болған інісі көмек шақыру үшін үйіне қарай жүгіріпті.

Оқиға орнына балалардың әкесі жетеді. Отағасы ұлын жыртқыштың азуынан босату үшін әуелі қолтырауынды жұдырықпен тоқпақтайды, бірақ еш нәтиже болмаған. Сол кезде ер адам қолтырауынның қолындағы жұмсақ жерлерін тістелей бастапты, көп ұзамай жыртқыш баланы қоя беріп, жүзіп кетеді.

Жаңалықтар
0