РФ Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Ресейде "Спутник Лайт"вакцинасының клиникалық зерттеулерінің екінші кезеңі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Қазір ол мәліметтер сарапшылардың бағалауына жолданды", - деді ол журналистерге.
Зерттеулердің үшінші кезеңін жүргізуге арналған рұқсат қолда бар. Ол құжатты ақпан айының соңында берген болатын. Бұл зерттеу плацебо қолдану арқылы екі топқа жүргізіледі. Зерттеу жұмыстары 2022 жылдың 28 ақпанына дейін аяқталуы керек.
"Спутник Лайт" вакцинасы Ресейдің тікелей инвестициялар қоры Гамалея орталығымен бірлесіп әзірлеген "Спутник" препараттар тобына жатады. Бұл вакцина адамның жақсы зерттелген аденовирусты векторлары платформасында әзірленген.
РТИҚ басшысы Кирилл Дмитриевтің айтуынша, вакцинаның "лайт нұсқасы" негізінен инфекция белең алған эпидемиялық ошақтары бар сыртқы нарыққа арналған. Ал Ресей үшін бұрынғыдай "Спутник V" вакцинасын қолдана береді.
Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург осы елдерде "Спутник Лайт" вакцинасын қолдану арқылы ауру жұқтыру деңгейін төмендетіп, жергілікті денсаулық сақтау саласына түскен жүктемені азайтуға болады. Вакциналаудан кейінгі иммунитет шамамен 3-4 ай сақталады. Ғалымның айтуынша, екпе тиімділігі 85%-і құрайды.
Вакциналау бойынша тек бір ғана екпе, яғни, "Спутник V" препатанының бірінші компоненті салынады.
Сондықтан, антиденелердің түзілу уақыты да қысқа болады. Екпе алған адам коронаиврус инфекцциясын жұқтырған жағдайда да ауру ауыр түрде болмайды.
Себебі, вирус қоздырғышы өкпеге қарай өте алмайды. Бұл қорғанысты ұзарту үшін үш айдан кейін вакцинаның екінші компонентін салдыруға болады.