Өңірлер

Қару кезенген қарақшыға тап берді: павлодарлық бойжеткеннің әрекеті видеоға түсіп қалды

© AFP 2024 / KAREN BLEIERТапанша, архивтегі сурет
Тапанша, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Жазылу
Полицейлердің айтуынша, 22 жастағы ер адам қорқыту арқылы сатушының 120 мың теңгесін алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 22 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды жергілікті Pavlodarnews.kz басылымы.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 наурыз күні ер адам қорқыту арқылы сатушыдан 120 мың теңгесін алып кеткен.

"Полицейлердің жедел іздестіруі нәтижесінде қылмыс бір сағат ішінде ашылды. Ал 22 жастағы Павлодар облысының тұрғынынан ұрланған қаражат тәркіленді", – деді ведомство басшысы Нұрлан Мәсімов.

Сонымен қатар, полицейлер ер адамның осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы бар екенін анықтаған.

Күдікті сол күні Кенжекөл ауылындағы "Керемет" дүкеніндегі сатушыға қару кезеніп, ақша алуға ұмтылған. Алайда бойжеткен өз өмірін қатерге тігіп, қарақшының тонауына мүмкіндік еш бермеген. Бейнеқабылау камерасына түсіп қалған видео әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар (@pavlodar.times)

Аталған фактілер негізінде Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Жаңалықтар
0