Экономика

Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Болат ШайхиновПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Жазылу
Бұған дейін бұл қызметті Тимур Жақсылықов атқарған. Ақпан айында ол ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Руслан Бекетаев Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

"Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің шешімімен Руслан Бекетаев 5 наурыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа мүшесі (министрі) болып тағайындалды", - делінген ресми хабарламада. 

Оның құзіретіне Еуразиялық экономикалық одақтағы кәсіпкерлік қызметті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны мен әлеуметтік қорғау мәселелері кіреді.

© Служба центральных коммуникацийРуслан Бекетаев Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі қызметіне тағайындалды
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Руслан Бекетаев Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі қызметіне тағайындалды

Айта кетейік, бұған дейін осы қызметті Тимур Жақсылықов атқарған. Ақпан айында ол ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Ал Руслан Бекетаев қаржы министрлігінде жұмыс істеді. Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, қазынашылық комитеті төрағасы болды.

Жаңалықтар
0