Әлем

Түркияда генерал мінген әскери тікұшақ құлады

© AP Photo / IHAҚұлаған тікұшақ суреті
Құлаған тікұшақ суреті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Жазылу
Министр Хулуси Акардың айтуынша, апатқа техникалық ақау мен ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін

АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Түркияның шығысында әскери тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости республиканың қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Тікұшақ Бингельден Татванға Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:55-те ұшты, ал 17:25-те тікұшақпен байланыс үзілді. Оны іздеуге ұшқышсыз ұшатын аппарат, CN-235 ұшағы және тікұшақ жіберілді.

"Тоғыз азаматтың қайтыс болғаны, тағы 4 адамның жарақат алғаны анықталды", – делінген ведомство хабарламасында.

Кейінірек тікұшақ апатқа ұшырауы салдарынан қайтыс болғандар саны 11 адамға жеткені белгілі болды.

© AP Photo / IHAОқиға орнында түсірілген сурет.
Түркияда генерал мінген әскери тікұшақ құлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Оқиға орнында түсірілген сурет.

Қайтыс болғандардың бірі – Түркия құрлық әскерлерінің сегізінші корпусының қолбасшысы, генерал Осман Эрбаш.

Апат себебі анықталып жатыр

Қорғаныс министрі Хулуси Акар президент Тайып Ердоғанға оқиға туралы баяндап, тікұшақтың апатқа ұшырауына байланысты тергеу басталғанын жеткізді. Сондай-ақ ведомствоның хабарлауынша, апатқа техникалық ақау мен ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. 

"Алдын ала мәліметтер мен куәгерлердің айтуынша, тікұшақ апаты ауа райының кенеттен нашарлауына байланысты болған", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Тікұшақ апатында қаза тапқан капитанның әкесі: сіздің де балаңыз бар деді

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесіп, тікұшақ апатына байланысты көңіл айтты.

Жаңалықтар
0