Қоғам

Дәрігерлер шаршаңқылық пен ашушаңдық ненің белгісі екенін түсіндірді

© Pixabay/WokandapixМужчина закрывает голову подушкой
Мужчина закрывает голову подушкой - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2021
Жазылу
Мамандар мұрын және қызыл иек еш себепсіз қанаса, жиі жүрек айнып, тәбет бұзылса және адам салмағы азайса, алаңдауға себеп бар екенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз - Sputnik. Британдық дәрігерлер әлсіздік, шаршаңқылық, ашушаңдық пен ұйқы бұзылуын бауыр циррозының айрықша белгілері ретінде атады.

Сондай-ақ дәрігерлер мұрын және қызыл иек еш себепсіз қанаса, жиі жүрек айнып, тәбет бұзылса және адам салмағы азайса, алаңдауға себеп бар екенін ескертті, деп жазды Express басылымы.

Сонымен қатар терідегі қышитын бөртпелер, алақанның қызаруы, денедегі айқын көрінетін қан тамырлары және тері мен көз ішінің сарғаюы да цирроз белгілеріне жатады.

Осындай симптомдар анықталған жағдайда мамандар тез арада тиісті тексеруден өтуге және қажетті ем шараларын қабылдауға кеңес береді.

Бауыр циррозы – органның сау тінінің зақымданған тінімен алмастырылатын, созылмалы ауру.Циррозды бауырдың көлемі нормадан тыс үлкен немесе кіші, тығыз, бұдырлы болады.

Цирроз, әдетте, В, С, D вирусты гепатиттерін немесе паразитті инфекцияларды жұқтырғаннан кейін алкогольді ішімдіктермен ағзаның ұзақ уақыт улануы кезінде өршиді. Сол сияқты кейде өт жолдарының ауруы, іркілісті жүрек жетіспеушілігі, түрлі деңгейде химиялық және дәрі-дәрмекпен ағзаны улау кезінде де туындауы мүмкін. Цирроз тұқым қуалайтын зат алмасу бұзылуы кезінде де асқынуы мүмкін.

Жаңалықтар
0