Қоғам

Депутат жастар арасындағы бедеулікке не себеп болатынын атады

© Sputnik / Виталий Савельев / Медиабанкке өтуБи кешіндегі жастар
Би кешіндегі жастар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2021
Жазылу
Сенатордың айтуынша, Қазақстанда жастар денсаулығына қатысты 128 орталық жұмыс істейді. Бірақ олар учаскелік емхана бөлімшелері түрінде қызмет көрсететіндіктен, бұл орталықтардың дамуына кедергі келтіреді

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова жастардың денсаулығына қатысты проблемаларды көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, Қазақстанда 15 пен 24 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастардың үлесі кем дегенде 20%-ті құрайды. Демографиялық болжам бойынша, 2025 жылға қарай осы жас аралығындағы халық саны 25%-ке немесе 700 мыңнан астам адамға өседі.

Алайда сенатордың мәліметінше, соңғы үш жылда жастар арасында ВИЧ-пен ауыру деңгейі 43%-ке өскен.

"Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, жасөспірімдердің тек 9%-і ғана ВИЧ-тің берілу жолдары туралы жан-жақты біледі. 60%-і жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу әдістерінен бейхабар, ал инфекция жұқтырған жастардың 62,6%-і өз бетінше емделген. Мұның ең көп таралған салдары – бедеулік", – деді Әлназарова премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.

Сенатордың айтуынша, Қазақстанда жастар денсаулығына қатысты 128 орталық жұмыс істейді. Бірақ олар учаскелік емхана бөлімшелері түрінде ғана істеп тұр, ал бұл орталықтардың дамуына кедергі келтіреді.

Осыған байланысты депутат халықаралық стандарттар негізінде жастарға қызмет көрсету бойынша сервистің одан әрі жетілдірілуі мен қолжетімділігі үшін жағдай жасауды, барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда заңды тәуелсіз жастар денсаулығы орталықтарын құруды қарастыруды сұрады.

Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі жастар болып шықты

Айтуынша, бұл толық және сапалы медициналық көмек көрсету, жастар арасында санитарлық-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру, тиісті көлемде қаражат бөлу үшін қажет.

Жаңалықтар
0