НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз - Sputnik. Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов коронавирус инфекциясынан көз жұмды.

"Қайтпас қайсар, патриот жан еді. Бүгін COVID-тен қоғам белсендісі, жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы, республикалық Адалдық алаңы кеңесінің жетекшісі, досымыз Төлеген Байғұлов бақилық болды. Жаны жәннатта болсын", - деп жазды Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жетекшісінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.
Қоғам қайраткері Төлеген Байғұлов құқық қорғау қызметін реформалау процесіне белсенді атсалысқан. Ол жазалау шарасынан алдын алуға көшу керектігін айтқан болатын. Байғұлов азаматтық сектордың өңірлердегі түрлі шараларды шешуге белсенді қатысуы қажеттігіне назар аударды.