Қоғам

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын "жерлеуге" ақша сұраған

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2021
Жазылу
Аудан полицейлері тонау қылмысын ашу кезінде күдіктінің тұрғындарды алдап, алаяқтық жасағанын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында тірі туыстарын "жерлеу" үшін тұрғындардан ақша алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шал ақын ауданының полицейлері тонау қылмысын ашу кезінде екі алаяқтық фактісін анықтады.

15 ақпанда Сергеевканың 29 жастағы тұрғыны дүкен тонады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды. Ер адам бұған дейін істі болған.  

"Тергеу барысында күдіктінің былтыр желтоқсанда жергілікті тұрғындардың бірінен апасын "жерлеуге" 50 мың теңге алғаны анықталды. Алайда оның  ешқашан апасы болмаған", - делінген хабарламада.

Қаңтар айында күдікті аудандағы шаруа қожалығына қара жұмысшы болып кіреді. Екі апта жұмыс істегеннен кейін бастығынан материалдық көмек сұрайды. Бұл жолы ақша анасын "жерлеуге" қажет болған.

Тағы оқыңыз: Дәретханаға сұранған: Алматыда ер адам тергеу изоляторынан қалай қашып кетті

Әйелдің тірі және аман-сау екенінен хабарсыз кәсіпкер қарамағындағы қызметкеріне 62 мың теңге берген. Осыдан кейін ер адам жұмысқа шықпаған.

Екі факті де Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді.

Жаңалықтар
0